Биыл «Жақтау» Металлургтер Кәсіподағы маңызды белесті – 70 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Жеті онжылдық – мыңдаған адамның қажырлы еңбегі, жауапкершілігі, бірлігі мен өзара қолдауға деген ұмтылысы арқылы қалыптасқан бай тарих. 1956 жылдан бері кәсіподақ металлургия саласының қызметкерлерімен бірге өз жолын жалғастырып, басты құндылықтарын – еңбек адамына деген құрмет пен оның мүдделерін қорғауды берік ұстанып келеді.
Ардагерлерімізге ерекше алғыс білдіргіміз келеді. Өйткені дәл солар кәсіподақ қозғалысының бастауында тұрып, оның дәстүрлерін қалыптастырып, жинақталған тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа жеткізді. Бүгінде біз осы тарихты құрметпен сақтап, олар бастаған игі істі жалғастырып келеміз.
Қазіргі кәсіподақ – бұл тек еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау ғана емес. Бұл – қызметкерлер мен олардың отбасыларына қолдау көрсету, маңызды мәселелерді шешуге атсалысу, корпоративтік мәдениетті дамыту, спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ өмірдің қиын сәттерінде көмек көрсету.
Әрбір жұмысымыздың артында адамдар тұр. Ал адамдар – «Жақтау» Металлургтер Кәсіподағының басты құндылығы.
«Жақтау» Металлургтер Кәсіподағының 70 жылдық мерейтойымен барлық қызметкерлерді, ардагерлерді және кәсіподақ белсенділерін шын жүректен құттықтаймын!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және болашаққа деген сенімділік тілеймін. Бірнеше ұрпақ қалыптастырған үздік дәстүрлер жалғасын тауып, «Жақтау» кәсіподағының тарихы жаңа жарқын әрі лайықты белестермен толыға берсін!
Мерейтой құтты болсын! «Жақтау» кәсіподағының 70 жылдығымен!
В. П. Щетинин,
«Жақтау» Металлургтер Кәсіподағының төрағасы
